Ахметова Куттыгыз Сейлбековна
Ахметова Куттыгыз СейлбековнаАхметова Құттықыз Сейлбекована № 152 мектеп директоры 23.05.1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Багара елді мекені, Асық ата ауылында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары.1985 жылы Шымкент педагогикалық инстутын физика, информатика және есептеуіш техникасы мұғалімі мамандығын иеленді.
Өзінің еңбек жолын 1990 жылы Багара елді мекеніндегі М Горький атындағы мектепте физика және информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1993 жылы Шымкент қаласында облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде директордың орынбасары қызметін атқарған.
2004-2006 жылдары Шымкент қаласындағы жоғары медициналық колледжінде биофизика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2006-2014 жылдар аралығында Шымкент қаласы білім бөлімі ғылыми - әдістемелік орталығының физика және информатика әдіскері болып жұмыс істеген.
2014-2022 жылдары №93 В.Терешкова атындағы жалпы орта мектебінің деректоры болып жұмыс атқарған.
2023-2024 жылдары №33 Кенесары Қасымұлы атындағы орта мектеп директоры қызметіне тағайындалған.
2025 жылы Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының колледждер әдіскері қызметін атқарған.
Осы атқарған қызметтері аралығында ол өз еңбекқорлығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жаңашылдығымен ерекшеленгді.
Мектеп басшысы болып тағайындалғаннан бері білім беру сапасын арттыру, мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіру және оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған жобаларға бастамашы бола алды. Жергілікті қауымдастықпен, әлеуметтік серіктестермен тұрақты байланыс орнатқан. Жауапкершілігі жоғары, талапшыл әрі әділ бола білді.
2026 жылы №152 жалпы орта білім беретін мектебіне директорлық қызмет атқаруда.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мектепте төмендегі жұмыстар жоспарланып атқарылуда:
Оқыту сапасын арттыру.
Бірыңғай оқу мақсаттарының мазмұнын нақтылау және оқу бағдарламаларын оңтайландыру.
Қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу, критериалды бағалаудың әділдігін арттыру.
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру
Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін курстар, коучинг, менторлық жүйесін кеңейту.
Пәндік-цифрлық сауаттылықты арттыру
Электрондық білім беру ресурстарын кеңейту, цифрлық платформаларды толыққанды қолдану.
Тәрбие жұмысын жаңғырту.
«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие» жобаларын дамыту.
Мектеп инфрақұрылымын жақсарту
Жоғары білім және жалпы орта білім беретін көрші мектептермен серіктестік
ЖОО-мен, ІТ орталықтармен дуальды және жобалық-тәжірибелік байланыс орнату.
Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын күшейту.
Ахметова Куттыгыз Сейлбековнаның еңбек жолында алған марапаттары:
2020-2021 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы
2021 жылы «Нұр Отан» партиясы төрағасының Алғыс хаты
2021 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің Алғыс хаты
2022 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасы
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты
2022 жылы Шымкент қаласы мәслихатының Алғыс хаты
2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент «Дарын» орталығының Алғыс хаты
2023 жылы «Аманат» партиясы Шымкент филиалының Алғыс хаты
2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты
2024 жылы М.Әуезов атындағы университет ректорының Алғыс хаты
2024 жылы Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ахметова Куттыгыз Сейлбековна білім беру үдерісін жоспарлау, үйлестіру және бақылау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыра алатын, педагогикалық ұжыммен тиімді қарым-қатынас орната білетін, инновациялық технологияларды енгізу, оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігін арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізе алатын, өзінің қызметіне сай білікті, жаңашыл, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін басшы.